Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ-ға Литва елінен профессор Саулюс Нефас келді

2018 жылдың 8-ші қазанында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ  университет басшылары Миколас Ромерис атындағы университет профессоры  Саулюс  Нефаспен кездесті.  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында біздің университетке Литва елінен  келген профессор университет ұжымымен  жақынырақ танысты.

Оны жүзеге асыру барысында 2016 жылдан бастап Қазақстанда отандық жоғары оқу орындарына шетелдік топ-менеджерлер тартылды. СҚМУ осы үдеріске белсенді қатысады. 2017 жылы біздің университетке  екі шетелдік маман келді. 

Осылайша, Саулюс Нефаспен  СҚМУ басшылығы еңбек келісім-шартын жасады. Ол М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да Ғылым департаментінің директоры лауазымын атқарады.

«Шетелдік маманның айтуынша, солтүстік өңіріндегі ең ірі университетте жұмыс істейтініме қуаныштымын. Өз жұмысымды жақсы атқаруға, бар жиған – терген тәжірибемді бөлісуге дайынмын», - дейді Саулюс Нефас.  

09.10.2018