М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры С.М. Өмірбаев 1-курс студенттеріне акт дәріс оқыды

Іс-шара барысында Серік Мәуленұлы жиналғандарды университетіміздің ішкі құрылымымен таныстырып, әр мамандықтың өзіне тән айрықша белгілерін, студенттердің жоғарғы оқу орнындағы құқықтары мен міндеттерін атап көрсетті.

Сондай-ақ, ректор білім берудің кредиттік технологиясы және оқу үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы айтып берді.

Жалпы, білім ордамызға шамамен 3 мың студент оқуға түсті. ЖОО басшысының дәрісінен олар өздеріне көптеген мәліметтер алды.  Бұл іс-шара 1-курс студенттеріне  университетті толықтай жақсы танып білуге  мүмкіндік берді. 

07.09.2018