2018-2019 оқу жылының басталуына арналған салтанатты іс-шара

1 қыркүйек күні университетіміз жарқын бағдарлама дайындап, бірінші курс студенттерін салтанатты түрде қарсы алды. Биыл олардың саны шамамен үш мыңға жетеді. Білім күні –олардың студенттік өмір қарсаңындағы алғашқы іс-шарасы.

Іс-шара массалық биден басталды. Жалпы негізгі идея – СҚМУ-дың білім беру, ғылыми, шығармашылық және спорт жетістіктерін көрсету. Әртүрлі ұлттардың костюмдерінде қыздар мен жігіттер университет қызметкерлерінің күші мен бірлігін көрсетті.

Кейін дәстүр бойынша университетіміз мақтанышпен есімін алып жүрген академик Манаш Қозыбаевтың ескерткішіне гүл қою рәсімі өткізілді. Гүлді қою құқығы  білім ордамыздың ардагерлеріне : «Қазақстанның 100 Жаңа есім» жобасының жеңімпаздары Күлбарам Баязитова мен Татьяна Кучерге, профессор Виктор Гусаковқа, доцент Рифкат Ақбердинге, сондай-ақ үздік «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 4 курс студенті Нұрай Жанаеваға берілді.

Бірінші курс студенттерін  М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры Серік Өмірбаев  қарсы алды. Ол студенттерге біздің университет туралы, сондай-ақ жиналғандарды өмірлеріндегі маңызды оқиғамен құттықтады.

Студенттерді мерекемен еңбек ардагері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент Күлбарам Баязитова құттықтады. Ол талапкерлерге алға қойған мақсаттарына сүрінбей қол жеткізулеріне сәттілік тіледі.

Ресми бөлімнен кейін жергілікті әртістер өздерінің шығармашылық жұмыстарымен бірінші курс студенттерін қуантты. Университеттің студенттік ұжымы және жеке орындаушылар бірінші курс студенттерді өмірлерінің жаңа, жарқын, қызықты кезеңінің басталуымен құттықтап, көңілді концерттік нөмірлерді ұсынды.

04.09.2018