CҚМУ студенттері "Interclover-2018" халықаралық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды

«Interclover-2018» - бұл білім беру саласындағы халықаралық жобалар байқауы. Ол түлектер арасындағы «Дипломдық жұмыс» және жоғарғы оқу ордаларының магистранттары мен докторанттары арасындағы студенттерге арналған «Ғылыми-зерттеу жұмысы» бойынша екі номинацияда өтеді.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері де жай қарап қалмай, ғылым әлеміндегі кең ауқымды көлемдегі байқауға қатысты.

Байқаудың нәтижесінде «Дипломдық жұмыс» номинациясы бойынша I дәрежелі дипломмен Фс-14 тобының түлегі Құрманов С.(ғылыми жетекшісі – «Қаржы және менеджмент» кафедрасының ағ оқытушысы Т:Б:Гакельберг), екінші орынмен «Қаржы және менеджмент» кафедрасының түлектері: А.Алькина, С.Дүйсенова, М.Иванова, К.Камалова, «Күміс» жүлдемен Ю.Михайленко және Д.Қабдрахманов марапатталды.

Лайықты марапаттар авторлар мен олардың ғылыми жетекшілерінің бірлесіп жұмыс жасағандарының арқасында осындай нәтижеге жетті!

Экономикалық ғылымдар саласындағы «Ғылыми-зерттеу жұмыстар» номинациясы бойынша «Қаржы» мамандығының 3 курс студенті Шахнияр Аллахярова (ғылыми жетекшісі – «Қаржы және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы И.Г.Цвингер) жеңімпаз атанды. Бойжеткеннің жеңіске жетуі өте лайықты, себебі ол 1 курстан бері үздік оқып келеді және  СНО «Аверске» қатысып, ғылыми жұмыстармен белсенді айналысады.

«Қаржы» мамандығында білім алып жатқан тағы екі студент О. Мирова мен А. Руспекова «Interclover-2018» халықаралық байқауында 3 орын алғандары үшін лауреат дипломдарымен марапатталды.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың атынан байқау жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Жетістіктерге қол жеткізулерін тоқтатпауды және әрдайым өздеріне сенуді тілейміз. Әр қашанда батылдықпен табысқа жете берулеріне тілектеспіз!

 

28.08.2018