Студенттерді қабылдау рәсімі

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да студенттерді қабылдау рәсімі өтті. Оған университеттің қабылдау комиссиясының мүшелері мен олардың төрағалары, ректор Серік Өмірбаев пен проректорлар, декандар, қала тұрғындары, сондай-ақ, мерекенің басты себепкерлері, бірінші курс студенттері қатысты. Биыл олардың саны шамамен екі мыңға жетеді.

Іс-шараның басында  Серік Мәуленұлы жиналған қауымды құттықтап, университетімізге биыл 1240 бюджеттік орын  (бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп), оның ішінде «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша 401 және педагогикалық квот бойынша 293 грант бөлінгенін айтты. Сонымен қатар, абитуриенттер Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарынан және Астана қаласының әкімдігінен гранттар алу мүмкіндігіне ие болды. Олар негізінен медициналық, педагогикалық және техникалық мамандықтарға бағытталған.

Бұрыңғы абитуриенттерге арналған бұл  іс-шара білім ордамыздың қабырғсында алғаш рет өтуде.  Кездесу барысында факультет декандары  университеттің тату отбасының бір бөлігіне кіргендердің есімдерін жариялады.

25.08.2018