М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті республикалық эссе байқауының жеңімпазы атанды

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры  С.М. Өмірбаевқа Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Аппарат басшысы Б.Нұрмұханов хат жолдады. Ол «Құқықтану» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында Қазақстан Республикасы Негізгі Заңының құндылықтарын және конституциялық құқықтың қазіргі заманғы мәселелерін түсіну бойынша эссе байқауының бірінші (өңірлік) турын өткізуге белсенді қатысқаны үшін университет оқытушылары мен студенттеріне алғысын білдіреді.

Байқаудың республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша М.Қозыбаев атындағы СҚМУ  «Құқықтану» білім беру бағдарламасының бірінші курс студенті Екатерина Бакшайтите  екінші орыyнды иеленді және 2018 жылдың 29 тамызында КазГЮУ-да марапаттау рәсімі өтеді, сондай-ақ,онда осы хаттың авторы бойжеткенді шақырады.

Б. Нұрмұқанов: «Осы іс-шараларды ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін алғыс айтамын. Біз одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз », - деп түйіндеді.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ұжымының атынан  Екатеринаны осындай ауқымды байқаудағы жүлделі орнымен құттықтап, шын жүректен оқуында үздік және жаңа жетістіктер тілейміз!

 

23.08.2018