М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да магистратура мен Phd докторантураға оқуға түсуге емтихандар тапсырыла бастады

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да талапкерлер мамандықтар бойынша магистратура мен Phd докторантураға оқуға түсуге емтихандар тапсыра бастады. Бұған дейін олар шет тілінен емтихан тапсырып, шеткі қадамнан өткен болатын.

Магистратураға 31 және Phd докторантураға 5 мамандықтар бойынша емтихандар тапсырылып жатыр. Осы жылы магистратураға шамамен 500, ал докторантураға 100 шақты адам оқуға түспек. Былтырғы жылға қарағанда,  биыл ниет білдіргендердің саны артты.

Осы жылы университетте «Экономика» мамандығы бойынша Phd докторантура ашылған болатын, гранттын жоғына қарамастан, бұл мамандыққа да 5 адам оқуға түсуге ниеттенген. Ағымдағы жылы магистратураға 133, ал Phd докторантураға 25 грант бөлініп отыр.

Емтихан үш күн аралығында жазбаша түрде тапсырылады. Айта кететін жайт, осы жылы талапкерлердің көбі шет тілдерінен емтихандарды жақсы тапсырып, зор мүмкіндіктерге ие болды.

17.08.2018