ТжӘИ студенттері «Жастар энергиясы – бірлік синергиясы» республикалық форумында

29 маусымда Астана қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының "Жастар синергиясы-бірлік энергиясы" республикалық форумы аяқталды. Қатысушылар алдында белгілі кәсіпкер - аграршылар, сондай-ақ ҚХА төрағасының орынбасары Исламбек Салжанов пен ҚХА хатшылығының меңгерушісі Леонид Прокопенко сөз сөйледі. Кездесудің модераторы "Жаңғыру жолы" республикалық жастар қозғалысының төрағасы Максим Споткай болды. Спикерлердің сөз сөйлеуі бизнес-бастамаларды дамыту, жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыру және жас ұрпақты тәрбиелеудегі Ассамблеяның рөлі туралы болды.

Сондай-ақ форум барысында стартап-жобалардың байқау-тұсаукесері өтті. Оған екі солтүстікқазақстандықтар қатысты. 2014 жылғы "Журналистика" мамандығының түлегі, қоғам қайраткері Сәлімхан Сәбитов өзінің "тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге арналған Автомектеп" жобасын жүзеге асыру үшін 4 млн.теңге сомасында ҚХА төрағасының орынбасары И. Салжановтың жеке қаражатына ие болды. СҚМУ студенті Айнұр Әбілтаеваның "СҚО-да дәрілік өсімдіктерді жинау" жобасы "Green-startup"номинациясы бойынша үздік деп танылды.

Сондай-ақ, форумға қатысушыларға сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің бұйымдарының көрмесі дайындалды. Біздің жерлесіміз Марат Андагуловтың жұмыстары алғыс хатпен марапатталды.

Форум бастаушы және тәжірибелі кәсіпкерлер үшін жақсы диалог алаңына айналды. Іс - шараға қатысушылар менторлармен-танымал бизнесмендермен және меценаттармен тілдесуге мүмкіндік алды.

Негізгі бағдарлама аяқталғаннан кейін қатысушылар Мемлекет басшысы Резиденциясының бұрынғы ғимаратында орналасқан ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайында экскурсияға барды. Балалар Елбасының өмірінен қызықты фактілермен танысып, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы болған жерді өз көзімен көрді.

СҚО делегациясының құрамында барлығы 12 адам болды, олардың екеуі ТжӘИ өкілдері: "Журналистика" мамандығының 3 курс студенті Богдан Петров және "Шет тілі: 2 Шет тілі" мамандығының 4 курс студенті Аделина Хисматуллина. Балалар СҚО әкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" КММ-не осындай ауқымды іс-шараға қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдіреді.

09.07.2018