Жүргізушілердің қалалық байқауы

Петропавл қалалық мәдениет үйінде ойын бағдарламалары жүргізушілерінің байқауы өтті. Аталған конкурстың мақсаты мәдени-демалыс іс-шараларын ұйымдастыру саласында жұмыс істейтін мамандар мамандығының беделін нығайту, ойын-сауық бағдарламалары жүргізушілерінің кәсіби шеберлік деңгейін арттыру, шығармашылық әлеуетті дамыту, мерекелік іс-шаралардыңдарынды жүргізушілерін анықтау, бос уақыт қызметінің сапасын жақсартуға жәрдемдесу, өткізілетін іс-шараларда салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. #М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың «Музыкалық пәндер» кафедрасы МТЖ-16 тобының студенті Каролина Шульга қатысты. Қазылар алқасының бірауыздан қабылданған шешімі бойынша Каролинге 1 орын берілді. Құттықтаймыз!

14.06.2018
Кафедра МД