ТжӘИ студенттері өзін-өзі басқарудың жұмысынаибелсене қатысуда

17 сәуірде университетімізде «Студенттік өзін-өзі басқарудың даму болашағы» атты ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Ол СҚМУ Жастар ісі жөніндегі комитетінің 5 жылдығына орайластырылды. Кездесуге СҚО жастар ресурстық орталығының өкілдері, студенттік ректорат, ЖІК, университетіміз студенттер кәсіподағының мүшелері қатысты. Облыстың білім беру мекемелерінде өзін-өзі басқару жүйесі туралы «СҚО жастар ресурстық орталығы» КММ директорының м.а. Қуаныш Мәметов әңгімелеп берді. Алимана Жанмұқанова Солтүстік Мичиган университетінің студенттік ұйымына қатысу тәжірибесімен бөлісті. М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Жастар ісі жөніндегі комитетінің жұмысы туралы оның төрағасы Богдан Петров есеп берді. Студенттер кәсіподағының төрағасы Әділ Бейсембаев «Студенттік кәсіподақ мемлекеттік жастар саясатының бөлігі ретінде» тақырыбына баяндама жасады. Студенттік ректордың орынбасары Айнұр Әбілтаева студенттік ректораттың даму жоспарларын талқылады. Кездесу қатысушылар арасында пікір алмасумен аяқталды. Семинардың қорытындысы бойынша университеттің өзін-өзі басқару органдарының жұмысын жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар жасалды.
13.06.2018