СҚМУ өкілдері «QYZYLJAR» телеарнасындағы «Честно говоря» ток-шоуына қатысты

10 маусымда «QYZYLJAR» облыстық телеарнасында «Честно говоря» ток-шоуы эфирге шықты (www.petropavltv.kz). Сұхбат тақырыбы - азаматтар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру болды. Біздің университетіміздің атынан "Құқықтық пәндер" кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Гүлбахша Мұсабаева және М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы, медиаорталығының редакторы Богдан Петров сөз сөйледі. Спикерлер университетте осы бағыттағы жұмыстар туралы әңгімелеп берді.

Гүлбахша Нұрмұқанқызы өз сөзінде студенттер арасында осы әлеуметтік зұлымдыққа нөлдік төзімділікті дамытудың маңыздылығын атап өтті. Оқытушы барлық мамандық студенттері үшін біздің университетімізде өткізілетін «Құқық негіздері және жемқорлыққа қарсы мәдениет» пәні туралы айтып берді.

ЖІК төрағасы Богдан Петров СҚМУ студенттері мен жастар ұйымдарының сыбайлас жемқорлықты алдын алу жөніндегі жұмысына тоқталды. Спикердің айтуынша, білім беру мекемесінде «Таза сессия» атты жобасы дәстүрге айналды. Оның барысында университет ғимараттарында түрлі іс-шаралар өткізілді: акциялар, флешмобтар, парақшалар тарату және т.б. Сонымен қатар, кез-келген студент сыбайлас жемқорлық фактісі туралы қолдануға және хабарлауға болатын сенім телефондары мен сенім қораптар бар.

12.06.2018