«Туған жер-тұнған тарих»

Бүгін Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың 1 корпусының 115 аудиториясында "Туған жер-2018" атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияның басты алға қойған мақсаты – Елбасының "Рухани жаңғыру" жобасы аясында туған өлке, шекаралық ынтымақтастық, өлкетану, мұрағат көздерін жан-жақты қарастырып, студенттерге өз отанын сүюге баулу. Әрбір адамның табан тірер туған жері болады. Туған елге, жерге деген сүйіспеншілік адамды алға жетелеп отырады... Және де жас ұрпақтың бойына ел тарихын, шежіресін сіңіру аға ұрпақтың басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Конференцияның жұмысы қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді. Конференцияға қатысушылар берілген тәртіпке сай 10 минут көлемінде баяндамалар оқыды. 

Байқаудың қорытындысы бойынша келесі нәтижелер анықталды: комиссия мүшелері студенттерді Солтүстік Қазақстан облысының мұражайларының алғыс хаттарымен және атластарымен және де жеңімпаздарды дипломдармен қоса бағалы сыйлықтармен марапаттады.

18.05.2018