Университеттің жаратылыстану-ғылыми бағытындағы жалпы презентациясы.

 

Өткізілу күні: 16.03.2018  Өткізілу орны: 306/5    Уақыты: 14.50-15.40

Қатысушылар: Солтүстік Қазақстан мед колледжінің студенттері.

Кафедраның оқытушылары оқудың кредиттік жүйесі,  жаңа бағалау жүйесі, СҚМУ-дың миссиясы, академиялық ұтқырлық  туралы әңгімеледі. Оқытушылар өздерінің презентациясында оқу орны мен зертханалар және бассейн мен обсерваторияны көрсетті. Студенттер университеттің оқу, ғылыми, тәрбие жұмыстары жайында айтты.

"Кәсіби бағдарлы шет тілі" курсын аяқтаған ФЕСН 2-ші курс студенттері  Имамбаева Айнаш және Шаймерденова Алия өздерінің "Биология" мамандығы бойынша презентация дайындап, онда жаңа әлемдегі өздерінің кәсібінің мүмкіндіктері туралы әңгімеледі.

Үш тілділік аясында  презентация үш тілде дайындалды: ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде. Медициналық колледждің студенттері берілген ақпаратқа қызығушылық танытып университеттегі оқытудың формасы және мамандықтар жайлы, сондай-ақ СҚМУ базасында келешекте ашылатын медициналық факультет туралы белсенді түрде сұрақтар қойды.

 

17.05.2018