On-line конференциясы

On-line конференциясы

"Шет тілі" кафедрасы академиялық ұтқырлық және көптілді білім беру бөлімімен бірлесіп үш тілді білім беруді іске асыратын Қазақстанның жоғары оқу орындарының арасында студенттік On-line конференциясын ұйымдастырып өткізді. 

Өткізу мерзімі: 27.04.2018           Уақыты: 16.00             Орны: 115/1к

Конференцияның тақырыбы: "Қазақстанның жоғары оқу орындарында үш тілді білім беруді дамытудың мәселелері мен келешегі".

Конференцияға қатысушылар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің , М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері.

Мақсаты: - жоғары оқу орындарында үш тілді білім беруді дамытудың мәселелері мен келешегі туралы көптілді топтардағы білімалушылардың талқылауы.

               - студенттердің шығармашылық әлеуетін іске асыру және ашу, танымдық қызығушылықтарын дамытуға ықпал ету.

                - тапқырлығын, сараптама жүргізу қабілеттілігін дамыту.

               - топта жұмыс істеу қабілеттілігін және топтың жұмысы мен тапсырманың орындалу нәтижесі үшін жауапкершілігін дамыту.

Берілген конференцияны жүргізу үшін бағдарлама құрастырылды. Әр ЖОО талқылау үшін үш тілде 10-12 сұрақ дайындады.

Ұсынылатын сұрақтар:

-Каких критериев  придерживаются в ваших вузах для формирования полиязычных групп?

-Можете ли вы проследить динамику прогресса в изучении языков и каким образом?

-Сіз үш тілде оқыту бағдармасы қолдайсыз ба?

-Балабақшада үш тілдік нусқаулықты қалай енгізу керек деп ойнайсыз?

-What age should multilingual education be started at?

-What is importance of multilingual  education?

Студенттер өздерінің сөз сөйлеулерінде шешен сөйлеу қабілеттіліктерін және үш тілдегі білімдерін көрсете білді. Келешекте бұл жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып іс-шаралар өткізу, қарым-қатынас жасау туралы шешім қабылданды.

 

17.05.2018