Облыстық оқу-әдістемелік семинар

 

27.04.18 күні сағат 14:00-де 253/3   "Рухани Жаңғыру" бағдарламасының аясында "Герман филологиясы" кафедрасымен бірлесіп семинар өткізілді. Семинарға Бескөл орта мектебі, "Парасат" мектеп-лицейінің, Петропавл қаласының бірінші жалпы білім беру лицейі, М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждің мұғалімдері, сондай-ақ М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың оқытушысы қатысты. Семинарға Әскери институт, Медициналық колледж, ТЖ колледжі, Петерфельд орта мектебінің оқытушылары келді.

Семинар мақсаты: Шет тілін оқытудың сапасын жақсарту мақсатында тәжірибе алмасу.

Оқытушылар өздерінің мықты тұстарымен, қызықты әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, шағын шебер сыныптарын өткізді.

Speakers

1. 14.00-14. 05 Ashimov Zh.M., Director of the Institute of Language and Literature

2. 14.05 -14.10 Kakimova M.E., the Head of “Germanic - Romanic Philology” Department

3. 14.10-14.15 Olkova I.A., the Head of “Foreign Languages” Department

4.  14.15-14.30 Arendarenko T.V. (the First General Education Lyceum, Petropavlovk) - “Differentiated instruction -one of the golden keys to success”

5. 14.30-14.45 Yausheva E.G. (M. Zhumabayev Humanitarian College) - “Some techniques of working with a  text on the English lessons”

6. 14.45- 15. 00 Komolkina T. B. (Bishkul Secondary School) -  “Spiral curriculum”

7.  15.00 -15. 15 Bekbolatova B.E. (Bishkul  School- Lyceum “Parasat”-  “Critical thinking in the English Classroom”

 15.15- 15. 25 – Coffee –break

15.25 – 15. 50 Olkova I.A. – “Using L1 in the English Classroom”

Семинардың екінші бөлімінде "Шет тілі" кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты И.А. Олькова “Using L1 in the English Classroom” тақырыбына шебер сыныбын өткізді.

Тек шет тілін қолдану арқылы шет тіліне кіріспе бағдарламасымен таныстырды, сондай-ақ барлық қатысушылармен интербелсенді ойын өткізді.

Семинардың соңында оқытушылар қызықты және танымды семинар үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Келешекте бірлесе отырып тәжірибе алмасуға өздерінің тілектерін білдірді.  

Семинардың ұйымдастырушылары: Шет тілі және Герман филологиясы кафедрасы.

Аға оқытушылар, магистрлер:  Алешкина И. Х.

                                                                                Жунусова Р.Ш.

                                                                                Степаненко В.Г.

                                                                                 Новоселова О.В.

 

17.05.2018