Университетімізде Ұлы Жеңіс мейрамымен мен Отан қорғаушылар күнінің атап өтті

5 мамыр күні М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-де  Ұлы Отан соғысының аяқталуына 73 жыл толуы мейрамы және 7 Мамыр Отан қорғаушылар күніне  арналған салтанатты жиын өткізілді.  Мерекелік шараға  Ұлы Отан соғысының  ардагерлері мен  тыл еңбеккерлері және университет әкімшілігі, оқытушылар, студенттер қатысты. Жалпы, университетімізде 1 соғыс ардагері, 30-дан астам тыл еңбеккерлері бар.

Іс-шара университетіміздің әскери кафедрасы жеке құрамының сап түзеуінен басталды. Кейін, алаңға мемлекеттік ту шығарылып, еліміздің гимні орындалды.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры Серік Өмірбаев  жиналғандарды ұлы мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, барша қауым соғыста қаза тапқандарды 1 минуттық үнсіздікпен еске алды. Боздақтардың рухына тағзым етті.

Шара әрі қарай соғыс жылдарындағы әндермен, театрландырылған қойылымдармен жалғасын тапты. Барлық жиналғандар үшін солдат ботқасы дайындалды.

Ал, ардагерлер қауымы мен университет қызметкерлері арнайы тігілген шатырда бас қосты. Өткен күнді еске алып, солдат ботқасынан дәм татты.

05.05.2018