ФЕСН А-15 тобының 3-ші курс студенттерінің жетістіктері

«А-15» тобының студенттерін: Данин Викторды, Жасуланов Даирды, Акпамбаева Мадинаны, Рябкова Ксенияны, Оташева Асемді, Асимжан Марзияны (А-15(к)) және «ТППЖ -15» студенттерін: Кормина Каринаны және Айтымова Марьямды неміс тілі курсын сәтті аяқтап, неміс визасын алуымен және "Logo" неміс фирмасымен серіктестікте болатын өндірістегі жартыжылдық ауыл-шаруашылық тәжірибеден өту үшін Германияға келулерімен құттықтаймыз.

Олардың неміс тілін меңгеру бойынша тыңғылықты дайындықтары студенттер және жоғары оқу орны үшін маңызды оқиғаға ыласты. "Шет тілі" кафедрасының аға-оқутышысы, педагогика ғылымдарының магистрі С.М. Медведева студенттерді әңгімелесу, диктант, тест кешенді емтихан тапсыру үшін дайындады.

Сабақтар 2017 ж. 23-ші қазанында басталды. Олардың тақырыптары студенттердің тәжірибеден өту үшін дайындықтарына айналды, нақтырақ айтсақ, неміс тілінде сауалнама, сақтандыру басқа да құжаттарды толтыру, өмірбаян құрастыру. "Отбасы", "Менің үйім", "Қалам", "Тағам" және басқа лексикалық тақырыптар нақты қарастырылды. Білімалушылардың мәдениаралық түсініспеушіліктерін болдырмау үшін елтану қырларына  ерекше назар аударылды. Осы мақсатта талқылауға келесі сқрақтар ұсынылды: "Тамақтану кезіндегі немістердің әдеттері", "Қалалық көлікте өзін-өзі ұстау ережелері", "Үстел басындағы әңгіме" және т.б.   

Студенттерді дайындау барысында барлық сөйлеу қызметін дамытуға баса назар аударылды: тындалым, оқылым, сөйлеу және жазу. Көп уақыт студенттердің коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға берілді.

14 ақпанда студенттер неміс тілінде қарым-қатынас жасау үшін емтиханның барлық кезеңдерінен өтіп, қажетті тілдік деңгейлерді  және Германияның ауыл-шаруашылық кәсіпорындарында тәжірибеден сәтті өтулерін растады. "Logo" неміс фирмасының емтихан қабылдаушысы неміс тілін меңгерудегі студенттердің жоғары уәжін атап өтті.

Біз өз мақсаттарына жетіп, тілді үйренуге аянбай күш жұмсаған студенттерімізді мақтан тұтамыз: Олар Германияның ауыл-шаруагшылық кәсіп орында тәжірибеден өтті, ол жерде ауыл-шаруашылық жәнә мал шарушылық саласында халықаралық тәжірибемен танысуларына тамаша мүмкіндік болды.

"Шет тілі" кафедрасы ФЕСН студенттеріне Германияда өздерін жайлы тұруларына және тәжірибеден сәтті өтулеріне тілектес. Орталық Европада алған тәжірибелері өздерінің салалары бойынша маман болуларына және ауыл-шаруашылық жәнә мал шарушылық саласында жаңа технологияларды сәтті қолдануға мүмкіндік береді.

"Шет тілі" кафедрасы

 

03.05.2018