Айдана Жандусованы құттықтаймыз

 

"Шет тілі" кафедрасы "ДФ-16" тобының студенті Айдана Жандусованы "Неміс поп-музыкасы" атты семинарға шақырылуымен құттықтайды. Семинар Алматы қаласы, Гете-Институтында 5-6 мамыр аралығында өтеді. Бұл музыкалық іс-шараның жетекшілері: Юлия Шульц, Рамона Бляймхофер, Ханна Вольф және де Элизабет Рудольф тілдік ассистенттер болып табылады.

Семинарды ұйымдастырушылардың таңдауына қарай неміс тілінде "мен үшін музыканың орны қандай" тақырыбына 113 шығарма жіберіліп, олардың ішінен тек 15 шығарма таңдалғанын атап кетуге болады.  Солардың ішінде Айдана Жандусованың шығармасы да болды.

Біз студентімізге шығармашылық табыс, семинар барысында жетістіктерге жетуге және ақ жол тілейміз. Айданаға жылы лебізімізді білдіргіміз келеді: Қазақстанда оқитындар үшін жаңа белестерді ашатын неміс тілін оқытуда талмас талап көрсете білуге және жаңа биіктерден көріне берсін.

03.05.2018