СҚО ТЖ қызметкерлерімен кездесу

Студенттердің қауіпсіздігі мен денсаулығы – ЖОО-да оқытуды анықтайтын  негізболып табылады. ПОҚ #"Музыкалық пәндер" кафедрасыжыл сайын студенттер үшін жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және тіршілік қауіпсіздігі бойынша кездесу өткізеді. #Бастама бойынша "Музыкалық пәндер" кафедрасы 2018 жылдың 17 сәуірінде СҚО ТЖ департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп "Қоғамдық орындарда, жатақханаларда, сабақтарда төтенше жағдайлар туындаған кездегі азаматтық тұлғалардың іс-әрекеттері мен қауіпсіздік шаралары"тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс аясында мүмкін болатын төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға және тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты қызықты және пайдалы ақпарат көлемі ұсынылды. Осы іс-шараны дайындау және өткізу бойынша барлық жұмыстардың жақсы ұйымдастырылғанын атап өткіміз келеді. Алдағы уақытта жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз.

18.04.2018
Кафедра МД