Сөздәйектер галереясыЕштеңені білмейтін, ештеңені білуге талпынбайтын адамның жағдайы қиын. Өйткені оның бойында екі кесел бар: бірі-топастық, екіншісі-жалқаулық.Платон
Ашық сабақ "Туризм индустриясы"
05.04.18ж. "Практикалық қазақ тілі" кафедрасының оқытушысы Ғ.Ақпанова "Ең үздік практикалық сабақ" конкурсы аясында Б(0)-17 көптілді тобында "Туризм индустриясы" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ Іскерлік ойын түрінде өткізіліп, студенттердің қазақ тілін оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған. Сабақта топпен жұмыс, әңгімелесу, сұрақ-жауап әдістері, көрнекілікке тірек сызбалар, карточкалар, құрал жабдықтарға интерактивті тақта, компьютер қолданылып, бейнекөрсетілімдер пайдаланылды. Сабақта студенттер өздерінің жоғары деңгейдегі білімдерін көрсете білді.