СҚМУ қабырғасында Мағжан атамызды тағы бір еске алдық

Биыл Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығын бүкіл түрік елі тойлауда. Мағжан Жұмабаев - түркі  халықтарының тегі бір тұтастығы мен бірлігін жүрегінен өткізе жырлаған ақынның бірі һәм бірегейі. Міне, сол тойлаушылардың қатарына Манаш Қозыбаев университеті де қосылды. Университетіміздің профессоры Зарқын Тайшыбайдың бастамасымен өткізіліп отырған бұл шараға арнайы қонақ ретінде Мағжан Жұмабаев мұражайының директоры Жүнісбекова Айгүль Теңдікқызы шақырылды.

Мұражай директоры Мағжанның біз білмейтін сырларымен таныстырды. Дүние жүзі бойынша ақынның ең алғаш шыққан кітабының түпнұсқасын көрсетті. Кітап араб тілінде басып шығарылса да, Мағжан зерттеушісі Зарқын ағайдың арқасында сол мезетте аударылып, түсіндіріліп берілді.

 Еске алу кешіміздің соңында студенттер ақынның  өлең жолдарын тебіріне оқып, Мағжанды жүректерінде мәңгі сақтайтындықтарын тағы бір дәлелдеді.

 

06.04.2018