ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ МАСЛЕНИЦА

Масленица! Ауқымды мерекелік іс-шара өтті! 2018 жылдың 16 ақпан күні 10 корпуста Масленица мерекесі аталып өтті. Мерекеге 1-2 курс студенттері қатысты.

Студенттер театрланған қойылым мен мерекенің шығу тарихына арнайы  экскурсия дайындады. Көңілді сайыстар, әндер, хороводтар, тәтті  бәліштер, ыстық құймақтар көп болуы  мереке қонақтарын қуантты.

Мереке халықтық күнтізбедегі қысты шығарып салу мен көктемді қарсы алуды бейнелейді. Көктем мен күннің символы-құймақ!

Міне, бүгінгі күнді осылай Масленицаны ыстық алтын құймақтармен өткіздік.

19.02.2018
ПФ