СҚМУ-да Қазақстанның Тұңғыш Президенті туралы фильм көрсетілді

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері үшін Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір сүру және еңбек ету туралы деректі фильм көрсетілді.

Деректі лентада Ел Президентінің өмірі және биліктің қалыптасуы туралы баяндайды. Фильм құрамында – Мемлекет басшысымен эксклюзивті сұхбат, соңдай-ақ республиканың өмірдегі өзгерісті кезеңдері туралы кинохрониканың бірегей кадрлары. Лентада Нұрсұлтан Әбішұлы күрделі тарихпен үлкен елдің Президенті болуы мүмкіндігі туралы айтылады. Бұдан басқа, ол өзінің жеке ойларымен, қасіретпен, армандарымен бөлісті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фильм авторлары саясаткер және қарапайым адам рөлінде Нұрсұлтан Назарбаевты көрсетуге тырысты, оған өз қызығушылығы мен балалық шағы туралы естеліктерді көрсетуге тырысты.

- Қазақстанның сөзсіз құндылығы – біздің ішкі саяси тұрақтылығымыз. Президент өзінің халқы, салауаттылығы туралы әрдайым ойлайды. Еліміздің барлық жетістіктерін біз оның есімімен байланыстырамыз. Мемлекет басшысының өмірі туралы көптеген кітаптар шықты, олардың арасында – «Еуразия жүрегінде», «Қазақстан жолы» басылымдары. Онда халықаралық және конфессияаралық қарым-қатынасты дамытуға, отандық ғылымды дамытуға оның үлесі сүреттеледі. Оның дипломатиялық қызметінің арқасында Қазақстан Еуразияның нағыз орталығы және барлық саяси және технологиялық үдерістердің маңызды қатысушысы болды, - деп баса айтты Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ тарих мұражайының директоры Ботагөз Қожабекова.

29.11.2017