М. Қозыбаев атындағы СҚМУ «Қозыбаев оқулары-2017» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жұмысына қатысуға шақырады

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ 2017 жылдың 12 қазан күні Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың 80 жылдық мерейтойына арналған «Қозыбаев оқулары-2017: Қазақстан және уақыттың заманауи үндеулері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына қатысуға шақырамыз. Өтетін орны: Пушкин к., 86,  АКТ залы.

Конференция келесі бағыттар бойынша жоспарланады:

  1. Отандық тарихты дамытудағы М.Қозыбаевтың ғылыми мұралары
  2. Гуманитарлық ғылымдар
  3. Жаратылыстану ғылымдары
  4. Техникалық ғылымдар
  5. Физика-математика ғылымдары
  6. Экономика ғылымдары
  7. Ауылшаруашылық ғылымдары

 

Конференцияның жұмыс тілі: қазақша, орысша, ағылшынша.

Конференцияға қатысу үшін өтініш және баяндама мәтіні (қосымша берілген талаптарға сәйкес ресімделген) және конференцияны ұйымдастыру және баспа шығындарын өтеу үшін (3000 теңге) мөлшерінде тіркеу жарнасы ұсынылуы қажет. ТМД және РФ қатысушылары үшін төлем сол уақытқа сәйкес МФВ курсы бойынша құрайды. Баяндамалар 2017 жылдың 15-ші қыркүйегіне дейін басып шығарылған мәтіннің данасына  қоса электронды нұсқада ұсынылуы тиіс.

Конференция материалдары бойынша жинақ басылып шығарылады.

Ұйымдастыру жарнасын аударуға арналған деректемелер:

 ЖИК КZ 938560000000013451
«ЦентрКредит банкі» АҚ, Петропавл қ.
БИК KCJBKZKX
коды 13
БИН 960340000702
төлем коды 859
төлем тапсырыстарында көрсетілуімен: «Аты-жөні, «Қозыбаев оқулары-2017»

Іссапар шығындары қатысушылар есебінен.

Материалдарды мына мекенжайға жіберілу керек:

150000, Қазақстан Республикасы,
Петропавл қ., Пушкин көшесі, 86,  
М.Қозыбаев атындағы СҚМУ, 
«Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық  пәндер» кафедрасы

E-mail: kozybaevreadings@mail.ru

Телефон: +7 7152 46-13-20, 49-40-42 (доп. 11-39, 11-41)

Хабарлама немесе баяндама мәтіні А4 форматында орындалады, 5 беттен аспауы керек, Word редакторында, 12 шрифт (әдебиеттер тізімі үшін 10 шрифт), интервал 1.0, шрифт “Times New Roman”, барлық өрістер 25 мм, ӘОЖ көрсетіледі.

Конференция материалдарының жинағы тікелей көшіру әдісі арқылы жасалады. Сондықтан, ғылыми мақалалар мұқият редакцияланған, жоғарыда көрсетілген барлық талаптарға сай түрде ұсынылуы тиіс. Ғылыми дәрежесі жоқ авторлар мақалаларына доктор (PhD) немесе ғылым кандидатының рецензиясын қоса жіберу керек.

Көрсетілген мерзімнен кеш немесе талаптарға сай ресімделмеген материалдар қарастырылмайды және авторларға қайтарылмайды. 

07.09.2017