Жастар – болашақ энергиясы

 

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Жастар – болашақ энергиясы» атты жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты шара өтті. Аталған шараға университеттің басшылары, оқытушылар мен студенттер және қонақтар қатысты.

    М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры міндетін атқарушы Айдос Мұқатаев өз сөзінде атап өткендей жаңа оқу жылы оқу ордамыз үшін айрықша болып табылады. Қазақстанның беделді  университеттерінің бірі өзінің 80 жылдың мерейтойын тойлайды. Осынау айтулы жылы оқу ордамыздағы білім алушылардың қатарына  екі мыңға жуық жаңа толқын келіп қосылды. Олардың арасында «Алтын белгі» иегерлері - 13, мемлекеттік тапсырыс бойынша - 580 және «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 282 студент бар. Университет қызметіне  оқытушылар мен қатар, жетекші менеджерлерде келіп қосылды. Олар: интернационалдандыру жөніндегі проректор, професссор, философия докторы, Түркия елінің азаматы Орхан Сойлемез және  ғылым департаментінің жетекшісі, аналитикалық химия докторы, бұрын Болгариядағы Софийлік химико-технологиялық және металлургиялық университетте жұмыс істеген  Андриана Сурлева. 

   Бұл күні дәстүрге сай университетіміз үлкен мақтанышпен атын алып жүрген, академик Манаш Қозыбаевтың ескеркішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Гүлді қою еңбек ардагері, СҚМУ ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалиев Жақсылық Мұқажанұлына, білім беру ісінің құрметті қызметкері Табакова Зинаида Петровнаға, еңбек ардегері, СҚМУ профессоры Қанғожина Қасия Мырзахметқызына және үздік студенттердің бірі Петров Богданға бұйырды.

  Университетіміз әрдайым өзінің түлектерін мақтан тұтып, жас толқынға үлгі ретінде айтып отырады. Олардың қатарында Александр Винокуров, Жанат Жакиянов, Вадим Шакшакбаев, Георгий Начкепия, Ринат Мухин, Максим Лапшин, Дмитрий Бабенко, Роман Креч  және тағы көптеген түлектер бар.

  Жыл сайынғы дәстүр бойынша  студенттерге университетіміздің ардагерлері өз ақылдарын айтып, алдағы уақытта оқудың озаты болып оқу ордамыздың шығармашылық және қоғамдық өміріне белсенді түрде араласуға шақырды. Кейін білім алушылар өздеріне қойылған сенімді ақтайтындарын айтып ант берді. Шара флешмобпен жалғасын тауып, концерттік бағдарламамен аяқталды.

 

04.09.2017