Сөздәйектер галереясы
Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіп-құмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.
ИТФ-та ашық есік күні
Инженерлік-техникалық факультет (ИТФ) көлік, құрылыс, радиоинженерияб машина жасау, стандарттау және дизайн саласында техника және технология бакалаврларын даярлайды.
8 желтоқсанда ИТФ-та ашық есік күні өткізілді. Іс-шара ұйымдастырушысы "Көлік және машина жасау" (КжМ) кафедрасы болды.
Болашақ талапкерлер үшін кәсіби құрал-жабдықтарда жұмыс істеу дағдысын дамытуға және зерттеулер жүргізуге өте ыңғайлы оқу және ғылыми зертханалар бойынша экскурсия ұйымдастырылды. КжМ кафедрасы оқу ордамызда зертханалардың саны бойынша көшбасшылар қатарында (9 шынайы-виртуалды және 11 қалыпты зертхана).
Осы күні оқушылар үшін студенттер өмірінің есігі де ашылды және бұл оқиға көпке дейін олардың естерінде қалмақ.
