Сөздәйектер галереясы
Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ. Бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні онан да маңыздырақ. Мұғалімдер, міне, осынысымен бағаланады.
Аймақтық конференция
Оқу ордамызда "Қазіргі қоғам жағдайында жастардың өзіндік сана сезімінің бейімделу және қалыптасу мәселелері" тақырыбында аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.
Іс-шараға қатысу үшін барлығы 30-ға жуық баяндама тапсырылды. Пленарлық отырыста педагогикалық үдеріс жағдайында толеранттылық қалыптастыру, жастардың өзіндік сана сезімінің қалыптасуы, нашақор қосындарының мектептегі қызметі және тағы да басқа сұрақтар талқыланды.
Қарастырылып жатқан мәселелер бойынша кітаптар көрмесі ұйымдатырылды.
Конференцияға іс-шара соңында тиісті сертификаттар алған қала мектептерінің директорлары, ұстаздары мен психологтары, сондай-ақ, СҚМУ оқытушылары қатысты.
