Сөздәйектер галереясы
Таланттылар - раушан гүлі сияқты жан-жағына жұпар шашып, көңіл ашады.
Шерхан Мұртаза
АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КИНОДӘРІС
Қозыбаев университетінде Алғыс айту күніне орай «Жерұйық», «Ангелы в тюбетейках» және «Приказано забыть»атты тарихи көркем фильмдері бойынша кинодәріс өтті. Іс-шараны «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы, №17 ҰӨОМК және СҚО Білім басқармасының әдістемелік орталығы ұйымдастырды. Университеттің барлық факультеттерінен 350-ден астам студент қатысты.
Бағдарлама барысында көрермендер үшін «Қызықты адамдар клубы» подкастының үзіндісін, ҚХА кафедрасының меңгерушісі Людмила Гривенная «Жерұйық» тарихи драмасын ұсынды.
Неміс халқын Қазақстанға депортациялау тақырыбында №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің ұлттық бөлімшелерінің басшысы Н. П. Кавун баяндама жасады. Тақырыптың жалғасында «Ангелы в тюбетейках» фильмінен үзінділер ұсынылды. Бағдарламаның маңызды бөлігі шешендер мен ингуштарды депортациялау тақырыбына арналды. Профессор Ж. А. Ермекбаевтың «Халықтану» дәрісханасынан бейнематериал көрсетілді.
Кинодәріс көрсетілімі «Приказано забыть» фильмінен үзінді мен студент Дениэль Эдиловтың өз отбасының тарихы туралы баяндамасымен аяқталды.
Іс-шарадан кейін қатысушылар мен спикерлер пікір алмасты. Бұл студенттерге сұрақтар қоюға және тарихи оқиғаларды тікелей диалог форматында талқылауға мүмкіндік берді. Шара соңында «Караван добра и милосердия» атты эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды.
27.02.2026
