Сөздәйектер галереясы
Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіп-құмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.
Tempus
«Темпус» - Еуропалық Одақпен қаржыландырылатын, Шығыс Еуропа, Орта Азия және Жерорта теңізінің серіктес елдерінде жоғары білімді модернизациялауға жәрдемдесуге бағытталған бағдарлама. Қазақстанда оның жетілуі үшін сарапшылардың Ұлттық тобы құрылды. Оның өкілдері жоо-ң басшылығымен, бөлімше, қызмет, факультет, кафедра, ғылыми орталық және зертханалар басшыларымен «Қазақстан жоо-ларында Болонск үдерісі негізгі параметрлерін бейімдеу» атты семинарда кездесті.
Шайзада Тасбулатова – ҚР-дағы «Темпус» бағдарламасының үйлестірушісі атап өтті: ««Темпус» бағдарламасы жоо-ларға, сондай-ақ, жоғары білім беру аясында тікелей жұмыс істейтін ұйымдар мен кәсіпорындарға гранттар бөледі. Олардың басқару жүйесін модернизациялау, университеттің аттестациясы, жаңа білім беру бағдарламаларын, әдістерін және т.б. құру және өрістеуі бойынша жобалары қаржыландырылады».
Семинар екі күн бойы өткізілді. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар берілді.
