"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ұстаз болу, яғни жақсы оқытушы болу үшін, оқытатыныңды да сүюің керек.

В.О.Ключевский

Kozybayev University-де Манаш Козыбаевқа арналған дөңгелек үстел өтті

2025 жылдың 20 қарашасында «Шет тілдері» кафедрасы «M. Kozybayev is a great historian of Kazakhstan» атты дөңгелек үстел өткізіп, университетімізге есімі берілген көрнекті ғалым Манаш Козыбаевтың 94 жылдығын атап өтті.

Шара №3 жатақханада жылы әрі достық атмосферада өтті. Іс-шараны аға оқытушылар Кораблина Тамара Николаевна  мен Саутбаева Айгуль Кадырбековна ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты — 1-курс студенттерін Манаш Қабашевичтің өмір жолымен таныстыру және оның еңбегі мен тұлғасының бүгінгі күнге дейін маңызды екенін көрсету.

ФИЭП, ФМЕН және ИЯиЛ факультеттерінің 1-курс студенттері белсенді қатысып, Манаш Қозыбаевтың балалық шағы, студенттік жылдары мен кәсіби қалыптасуы туралы мазмұнды презентациялар дайындады. Экранда ғалымның туған жері, оқыған орындары және өміріне қатысты мұрағаттық фотолар көрсетілді.

Студенттер Манаш Қабашевичтің қиын тарихи кезеңдерді бастан өткерсе де, жігерін жоғалтпай, адамдарды ортақ идеяларға жұмылдыра білген тұлға болғанын атап өтті.

Кештің ерекше бөлігі — музыкалық және поэзиялық орындаулар болды. Студенттер Отан, махаббат және өткенге құрмет тақырыптарында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әндер мен өлеңдер орындап, шараға шынайылық пен әсерлілік қосты.

Дөңгелек үстел студенттер үшін тек ақпараттық кездесу ғана емес, университет атымен байланысты маңызды тарихи тұлғаны жақынырақ тануға мүмкіндік берді.

Кафедра шт
11.12.2025