Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Профессорлар Зарқын Тайшыбай мен Андрей Солодовник құрметті атақтарға ие болды

Жас мамандарды даярлау ісіндегі еңбектері мен елеулі ғылыми жұмыстарының, өңірдің дамуына қосқан зор үлестері үшін Зарқын Тайшыбайға «Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» және Андрей Солодовникке «Петропавл қаласының Құрметті азаматы» атақтары берілді.

Зарқын Сыздықұлы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, академик, еңбек ардагері, ғалым, жазушы. 2000 жылдан бастап жоғары оқу орнымызда сабақ береді, сондай-ақ, Этномәдени зерттеулер ғылыми орталығын басқарады. Бүгінде ол баға жетпес тәжірибесімен, білімімен «Журналистика және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының студенттерімен бөлісіп келеді. Ғалымның арқасында 2001 жылы университетте журналистерді мемлекеттік тілде оқыту басталды. Зарқын Сыздықұлы ҚР тарихы мен мәдениеті бойынша 200-ден астам ғылыми мақалалардың, 12 оқу құралының және 11 монографияның авторы болып табылады.

Андрей Андреевич Солодовник – «Физика» кафедрасының профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты, астрономия доценті, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының корреспондент-мүшесі, ҚЖМ ҰҒА корреспондент-мүшесі. Андрей Андреевич Солтүстік Қазақстанда астрофизикалық сипаттағы жаңа ғылыми бағытты құрудың бастауында тұрды. Солтүстік Қазақстан университетінде астрофизикалық зерттеулер орталығын құрды. Шамамен 17 жыл бойы Андрей Солодовник ҚР БҒМ ғылыми-зерттеу гранттарының 8 тақырыбы бойынша жоба жұмысын басқарды. Ең маңызды ғылыми жетістіктерге атмосфераның жоғарғы қабаты мен жақын ғарыш физикасы, ұзақ мерзімді айнымалы жұлдыздардың табиғаты саласында жетті. Атап айтқанда, әлемдік тәжірибеде алғаш рет метеорологиялық процестер мен күміс бұлттардың арасындағы физикалық байланыстардың бар екендігі дәлелденді.

Құрметті ғалымдарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір және шығармашылық табыс тілейміз!

13.06.2025