Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Қозыбаев университеті медицина қызметкерлерін  құттықтады

Қозыбаев университетінде Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты мерекелік шара өтті. Оған Медициналық факультеттің студенттері мен ПОҚ, денсаулық орталығының қызметкерлері, облыстың практикалық дәрігерлері қатысты.

2018 жылдан бастап университетте дәрігерлер мен фармацевт мамандары дайындалады. Бүгінде Медициналық факультетте 348 адам білім алады, оның 105-і интернатурада оқиды. Сондай-ақ, Үндістаннан келген 78 студент білім алып жатыр. Түлектеріміз облысымыздың емдеу мекемелерінде жұмыс істейді. Болашақ дәрігерлер Петропавл қаласының ауруханалары мен емханаларында тәжірибелік дағдыларды игереді. Медициналық ұйымдар жас мамандарды даярлауда университеттің сенімді серіктестеріне айналды. Олардың жетекшілері университетпен тығыз байланыс орнатып, кәсіби шеберлік танытқандары үшін ректордың алғыс хаттарымен марапатталды.

Академиялық мәселелер жөніндегі Басқарма мүшесі Айгүл Нұрпейісова медицина саласының өңірдегі денсаулық сақтау мен жоғары білім беру саласының дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтіп, халық денсаулығын сақтау жолындағы игі іске аянбай атсалысқан барша жанға шынайы алғысын білдірді. Барлық медицина қызметкерлерін осы айтулы күнмен құттықтаймыз және оларға табыс, адам өмірі мен денсаулығын сақтаудағы маңызды қызметтеріне шабыт тілейміз.

12.06.2025