Сөздәйектер галереясы
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Бажай Хуандаг-доктор дәрежесін алды
Қозыбаев университетінің «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша PhD дәрежесін «Қазақстан тарихы және құқық» кафедрасының аға оқытушысы Бажай Хуандаг алды. Ол Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақстан Республикасының конституциялық дамуы: салыстырмалы құқықтық аспект (1991 жылдан кейінгі кезең)» тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады.
Бажай Хуандаг Қазақстан Республикасының конституциялық дамуы саласында ғылыми зерттеулермен белсенді айналысады, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптар бойынша ғылыми-әдістемелік құралдар мен ғылыми мақалалардың авторы. Сізді шын жүректен құттықтаймыз!
