"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын десең, тынымсыз қимыл үстінде болсын.

Ж-Ж.Руссо

Ғылми-практикалық конференциясы

М. Қозыбаев атыындағы СҚУ, Тіл және әдебиет институтында 2025 жылдың 28 сәуірінде «Тілдер мен әдебиеттерді зерттеудің теориялық және әдіснамалық аспектілерінің қазіргі парадигмасы» II халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Өзбекстан,Башқұртстан, Қырғызстан, Түркия Республикаларының Білім және ғылым саласындағы мамандары қатысты. Ғылыми конференцияның негізгі мақсаттары: тілдер мен әдебиеттерді оқытуда инновациялық технологияларды қолданудың жаңа ғылыми және практикалық нәтижелерін талқылау; ғылыми идеялармен алмасу тілдер мен әдебиеттерді зерттеуді бірлескен бағыттарды іздеу. Талқылаудың негізгі бағыттары: Қазіргі тіл білімі мен әдебиеттанудың өзекті мәселелері; Тіл, әдебиет, фольклор: теориялық зерттеулер және оқыту практикасы; Тілдер мен әдебиетті оқытудың инновациялық технологиялары.Конференция жұмысына қатысу үшін ғалымдар, оқытушылар, ғылыми қызметкерлер, мұғалімдер, аспиранттар, ізденушілер, магистранттар шақырылды.

21.05.2025