Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Қозыбаев университеті енді Coursera-да!

Coursera– Стэнфорд университетінің профессорлары жасаған жаһандық платформа, ол 77 миллионнан астам студенттерді біріктіреді және Йель, Калтех, Беркли сынды әлемнің үздік университеттерінің курстарынан өтуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттеріне осы халықаралық платформаға тегін кіру мүмкіндігін берді. Қозыбаев университетінің 300-ден астам студенті курс бойынша оқуларын аяқтады. 

Университетіміздің оқытушылары бұл бастаманы қолдап, платформа жұмысына қосылды. Енді Coursera сайтында «Экономика, есеп және қаржы» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., профессор Дінмұхаммед Шайкиннің «Талдау, модельдеу және болжау» авторлық курсы қолжетімді. Бұл материалдар кез келген экономикалық көрсеткішті талдау, модельдеу және болжау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Курс теория мен тәжірибені біріктіреді және әртүрлі экономикалық модельдерді қолдану ерекшеліктерін түсінуге көмектеседі.

Ол тек жоғары оқу орындарының студенттеріне ғана емес, практикалық мамандарға да арналған.Курсты дамытудың барлық кезеңдерінде кеңес беріп, қолдау көрсеткені үшін Coursera серіктесі BMG UpSkill тобына алғыс айтамыз.

14.05.2025