Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Таза сессия адал студенттен басталады!

Университетте академиялық адалдық мәдениетін дамытуға және оқу үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған дәстүрлі «Таза сессия» акциясы өткізіледі. Біздің университет 2018 жылдан бері Академиялық адалдық лигасының белсенді мүшесі болып табылады. Біз Лига стандарттарына сай, студенттер мен оқытушылар арасында академиялық адалдықты арттыратын сессия жүйесіне жаңашылдықтар енгіземіз.

Ағымдағы жазғы сессияда біз QR арқылы жазбаша емтихандарды біріктіретін adASTRA жүйесін қолданамыз. Ол тестілеуді адал бағалауға мүмкіндік береді. Емтихандарды Sanaly urpaq жобалық кеңсесінің демеушілігімен 30-ға жуық ерікті студент бақылайды. Сондай-ақ, Цифрландыру департаментінің мамандары, университеттің компьютерлік сыныптарында жабдықталған WEB SERVICE жүйесін пайдаланып нақты уақыт режимінде жұмыс істейді.

Академиялық адалдықты бақылау үшін университетте алқалы мүше– Әдеп жөніндегі комиссия құрылды. Аталмыш акцияының жүйелі түрде жүзеге асырылуы студенттерді тәртіпке келтіріп, емтихан кезіндегі заң бұзушылықтарды азайтады. «Таза сессия» науқаны емтихан мерзімінің соңына дейін жалғасады. Сессияда сәттілік тілейміз!

 

14.05.2025