Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Білім келешегі: Петропавлда жаңа буын мұғалімдерін дайындау тақырыбы талқыланды

Оқушылар сарайында Қозыбаев университеті ұйымдастырған «Сапалы білім– ұлт болашағы» атты педагогикалық форум өңірдің педагогика саласындағы көрнекті өкілдерінің басын қосты. Шара ұстаздық кәсіптің беделін нығайтуға, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға және кәсіби қауымдастықты дамытуға бағытталды.Форум жұмысына Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілдері, облыстық білім басқармасының басшылары, Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы, мектеп және мектепке дейінгі мекемелердің директорлары, Аризона университетінің профессоры, еңбек сіңірген ұстаздар, оқытушылар мен кәсіптік бағдар беру жөніндегі кеңесшілері жиналды.

Педагогикалық мамандықтардың түлектері үшін Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді. Оған облыстағы 13 аудан мектептерінен ,24 техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінен өкілдер қатысты. Жәрмеңкеде олар әлеуетті жұмыс берушілермен кездесіп, бос жұмыс орындары мен жұмысқа орналасу шарттарымен танысып, түйіндемелерін жібере алды. Бүгінгі таңда университетте бакалавриат пен магистратураның 41 педагогикалық білім беру бағдарламасы бойынша 2270-тен астам студент оқиды. Биыл 492 түлек бітірді.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында, білім берудің, әсіресе, білікті ұстаздар даярлауға баса назар аударады. Ол білімді, еңбекқор, отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу – біздің ортақ міндетіміз екенін атап өтті. Бұл Қазақстан Республикасының 2023-2029 жылдарға арналған даму тұжырымдамасында тікелей көрініс тапты. Демек, кадрларды даярлаудың барлық деңгейіне тікелей байланысты»,- деді Басқарма Төрағасы– Ректор Ербол Исақаев.

Қозыбаев университетінің «Мен кәсіптік бағдар беру маманымын» курсын бітірген 93 маманға сертификаттар берілді. СҚО білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұрағанова өз сөзінде, мамандықтың маңыздылығына, мұғалімнің қоғамдағы рөліне, болашақ түлектерімізді мұғалімдік мамандықты таңдауға дұрыс бағыт-бағдар беру жолдарына тоқталды.Форум аясында өңірдегі білім саласының дамуына зор үлес қосқан ұстаздар мен еңбек ардагерлерін, СҚО білім басқармаларының қызметкерлерін және мәдени шараларға белсене қатысқан студенттерді марапаттау рәсімі өтті.

05.05.2025