"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек... Дүниенің ғалымын білмей қалмақтық – бір үлкен зарарлы надандық.

Абай Құнанбаев

Қостанай облысы бойынша кәсіптік бағдар беру

Қозыбаев университетінің кәсіптік бағдар беру науқаны еліміздің көп аймақтарын қамтыды Бұл жолы университет ұжымы Қостанай облысының Сарыкөл ауданында 100-ден астам 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Болашақ талапкерлерге білім беру бағдарламалары, қабылдау ережелері, гранттар және Аризона университетімен бірлескен бағдарламаларда оқу мүмкіндіктері туралы айтылды.

Қабылдау және іріктеу комиссиясының мамандары сұрақтарға жауап берді. Ақпараттық материалдар таратып, студенттерге факультеттер мен оқу бағыттарын таныстырды. Жоғары оқу орнымыздың дарынды студенттері қонақтарға концерттік бағдарлама ұсынды. Қозыбаев университетінің қабырғасында жаңа кездесулерге ашықпыз!

15.04.2025