Сөздәйектер галереясы
Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын десең, тынымсыз қимыл үстінде болсын.
Студенттер «Бөрік теппек» ойнады
Жастар арасында ұлттық «Бөрік теппек» ойыны қазақ халқының мәдени мұрасын біріктіру , насихаттау, салауатты өмір салтын сақтау мақсатында өткізілді. Байқау «АМАНАТ» партиясы «Болашақ» филиалының қолдауымен ұйымдастырылды.Қатысушылар ереже бойынша сапқа тұрып, қолдарындағы көлемі бірдей допты кезектесіп лақтырады. Үш рет допты барлығынан алысқа лақтырған адам жеңімпаз атанады. Байқауға әр факультеттен үш адам (2 ұл, 1 қыз) қатысты.
Нәтижесінде Агротехнологиялық факультеті жеңімпаз атанды! Екінші орын Тарих, экономика және құқық факультетіне бұйырды. Үшінші орынды Тіл және әдебиет институты иеленді. Жеке біріншілікте ұлдар арасындағы үздік нәтижені ТЭҚФ студенті Кәрім Мұқашев көрсетті. Ал Зарина Жалмағамбетова допты 8м 7 см дейін лақтырды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
