"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіп-құмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.

Әл-Фараби

Алғыс күні құтты болсын!

Университетте ҚР Алғыс айту күніне және ҚХА 30 жылдығына арналған «Достық жолы» музыкалық-драмалық кеші өтті.Жыл сайын бұл мереке қазақстандықтар үшін ерекше маңызға ие. Ол бірлік пен достықтың жарқын үлгісі. Өсіп келе жатқан ұрпақтың бойында, үлкен-кішіге деген құрмет пен ризашылықты тәрбиелейді. Барлығы 100-ге жуық адам жұмылдырылды. Шараны ҚХА департаменті ұйымдастырды. Қойылымға Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының әртістері, СҚО филармониясының әртістері, Петропавл қаласының «Әлқисса», «Туған жер», «Қызыл жар» фольклорлық-хореографиялық ансамбльдері, сондай-ақ, ҚР ҰҰА әскери оркестрі, ҚР ҰҰА этномәдени бірлестіктері, «БЭСТ »гимназиясының оқушылары мен студенттері қатысып, № 17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені үлкен көмек көрсетті. 

Шара барысында, сахналық қойылым Қазақстанға оралған жігіттің жүріп өткен жолын өрбітті. Сонымен бірге, Отанға деген сүйіспеншілік, еліміздің тарихи мұраларына құрмет, қуғын-сүргін кезіндегі халықтардың Қазақстанға жер аударуы, елімізде тұратын барлық этностардың достығы және осы үдерістегі ҚХА рөлі тақырыптары қозғалды. Бұл күн жағымды эмоцияларға, шынайы ризашылық сезімдеріне толы болды. Баршаңызды келе жатқан ҚР Алғыс күнімен құттықтаймыз!Сіздерге бейбітшілік пен өркендеу тілейміз!

26.02.2025