Сөздәйектер галереясы
Басқалардың айтқанын қайталау үшін білімділік қажет; бұған дау айту үшін ми қажет
Мэри Петтибоун Пул
Волейбол және футзал бойынша студенттік спорт лигасы
Үш күн бойы ЖОО-да бірінші курс студенттері арасында Студенттік спорт лигасы өтті. Ұлдар футзалдан, қыздар волейболдан жарысты. Барлығы 200-ден астам білім алушы қатысты. Әсіресе футзал ойындары тартысты өтті. Нәтижесінде ПФ бірінші орынды жеңіп алды. 2 орын –Тіл және әдебиет институтының ойыншыларына бұйырды. 3 орынды Агротехнологиялық факультеттің ойыншылары иеленді.
Волейбол ойындары да қызықты болды. Қыздар командалық рух пен жоғары деңгейлі ойын көрсетті. Барлық ойындардың қорытындысы бойынша ПФ -«алтын», «күміс»-АФ, иеленсе, «қола»- ИСТФ алды. Айта кетейік, спорттық іс-шараның басты мақсаттарының бірі университет құрамасы үшін үздік ойыншыларды іріктеу.
07.10.2024
