Сөздәйектер галереясы
Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес.
Мұхтар Әуезов
Ант берудің соңғы кезеңі
29 шілде мен 16 тамыз аралығында әскери кафедрада запастағы сержанттарды даярлау бойынша оқу-жаттығу жиындары аяқталды. Щучинск қ. ҚР ҚМ Әскери колледжінің полигоны негізінде 54 студент Калашников автоматынан ату дағдыларын көрсетті. Барлық қатысушалар арасында Ибрай Өмірзақов үздік атанды, 60 ұпайдан 52 ұпай жинады, 2 орынды студент Рахат Нұғыманов иеленді. Диас Есжанов 3-ші орынға жайғасты. Оқу-жаттығу жиыны қорытынды емтихандармен аяқталады.
15.08.2024
