Сөздәйектер галереясы
Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін: әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым.
Александр Македонский
Жөндеу жұмыстары
Құрметті университет оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері!
Қозыбаев университетінің бас алаңында жөндеу жұмыстары басталады. Абай көшесіндегі кәріз коллекторын ауыстыру жобасын іске асыру шеңберінде жүргізіледі.
ТЖ режимінде Абай көшесінің Назарбаев к-нен Пушкин к-не дейін жұмыстар басталды. Осыған байланысты университет аумағында траншеясыз құбыр төсеу үшін техника орнату қажеттілігі туындады.
Жөндеу жұмыстары оқу процесіне кедергі келтірмейді. Жұмыс 2024 жылдың қыркүйек айының ортасына дейін жалғасады
15.08.2024
