"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Жаманмен жолдас болсаң, жаласына қаласың. Наданмен жолдас болсаң, бәлесіне қаласың.

Халық даналығы

Алғашқы медициналық көмек

Алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тренингті ЖОО-ның МФ оқытушылары жоғары және бірінші санатты дәрігерлер Маржан Койшина, Индира Алексеенко, Ольга Шилкина, ПОҚ және қызметкерлер үшін өткізді. Іс-шара жедел жәрдем арбасының макеттерімен, заманауи манекендер, тренажерлармен және басқа да қажетті жабдықтармен қамтылған жаңа зертханасында өтті.

Спикерлер шұғыл жағдайда алғашқы көмек көрсету дағдыларын көрсетті: жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу, үсік шалу, тыныс алу жолдарын, қан айналымын қамтамасыз ету. Сондай-ақ, гипертониялық немесе қан кету кезінде көмекке бағытталған іс-шаралар кешені көрсетілді. Сарапшылардың пікірінше, төтенше жағдайда көрсетілген алғашқы көмек адамның өмірін сақтап қалуға көмектеседі. Шараға барлығы 20-ға жуық тыңдаушы қатысты.

27.05.2024