Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Жастар және ғылым – 2024

Қозыбаев университетінде өткен «Жастар және ғылым– 2024: бүгінгі күннің қозғалтқышы және табысты болашақтың кепілі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға 70-ке жуық ғылыми мақалалар жіберілді. Оған Қазақстанның және Таяу шет елдердің жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары, сондай-ақ, ҚР Ұлттық ұлан академиясының курсанттары қатысты. Шара елімізде 12 сәуірде аталып өтетін Ғылым қызметкерлері күніне арналған. Спикерлердің қызығушылықтары: гуманитарлық, техникалық, ауылшаруашылық, жаратылыстану ғылымдары, мұғалім тәрбиесінің өзекті мәселелері және т.б.

Байқауға қатысушы Журналистика кафедрасының студенті Наталья Халина атап өткендей, бүгінде әлеуметтік желі –ұйымдар мен қоғам арасында коммуникация құрудың бірден-бір жолы және өзекті тақырыптардың бірі. Сондықтан мұндай конференция жастардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуына, ғылымды насихаттауға ықпал етеді. Қатысушылар көкжиегі кең: Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей, Өзбекстан, Моңғолияны қамтыды. Пленарлық отырыстан кейін жұмыс 6 секция бойынша жалғасты. Нәтижесінде конференцияның ғылыми материалдар жинағы жарық көреді.

11.04.2024