Сөздәйектер галереясы
Оқу, білім – жанған шырақ ойласаң, Үйренерсің, іздеп көрсең – қалмасаң Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал. Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң.
Құттықтаймыз!!! "Ғылымды жеңу" халықаралық ғылыми стендтік баяндамалар конкурсының қорытындысы
"Табыс траекториясы" халықаралық жастар форумы аясында "Ғылымды жеңу" халықаралық ғылыми стендтік баяндамалар конкурсының қорытындысы шығарылды. Ағымдағы жылы конкурсқа Ресей, Беларусь, Қазақстан, Тәжікстан, Моңғолияның 44 білім беру мекемесінен 216 ғылыми баяндама қатысты. Байқауға педагогика факультетінен қатысқан студенттер жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар, "Саз пәндері" кафедрасының ПОҚ жетекшілігімен студенттер тобы (Мальвенова Елена, Қожахмет Әнел, Швагерус Ольга) "Зерттеудің әлеуметтік маңыздылығы" номинациясы бойынша лауреаттар атанды. Студенттерді даярлаудың жоғары сапасы үшін ғылыми жетекшілерге ерекше алғыс! Құттықтаймыз!!!
