Сөздәйектер галереясы
Дұрыс сөздер көркем емес. Көркем сөздер сенімді емес. Жанашыр шешен емес. Шешеннің жанашыр болуы міндет емес. Білгір дәлелдемейді, дәлелдеуші білгір емес
Лао-Цзы
Көрісу күні
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамының мерейлі бастауы ретінде тойланатын Көрісу күні осы апталықтың бастауы болды. Көрісу күні тек Наурыздың басталуы ғана емес, тәрбиенің, өнегенің бастауы. Наурыздың 14-і тойланған бұл күні үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіліп, көріскендер «Бір жасыңмен» деп бір-біріне бата, тілек айтады. Еліміздің береке-бірлігі, ынтымағы арта берсін!
19.03.2024
