"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов

Спартакиада ойындары басталды!

Қозыбаев университетінде оқытушылар мен қызметкерлер арасындағы дәстүрлі спартакиаданың ашылуы өтті. Жыл сайын құрамалар  жасақталып, түрлі спорт түрлерінен жарысады. Бұл жолы спорттың 8 түрі бойынша өтеді. Сайыстың ашылуы волейбол ойындарынан басталды. Олар үш күнге созылады. Факультеттердің 7 құрамасы және әкімшілік-басқару қызметкерлері қатысуда.

Келесідей жарыстар аяқталды:
1. Үстел теннисі – 1 орын ӘБП
2. Тоғыз құмалақ – 1 орын ТЭҚФ
3. Шахмат – 1 орын МФ
4. Дартс – 1 орын ТжӘИ
5. Жүзу – 1 орын ТжӘИ

Алда волейбол, шағын футбол, арқан тартыс ойындарының нәтижелері күтілуде. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

16.01.2024