Сөздәйектер галереясы
Егер біздің қоғам дұрыс ұйымдастырылған болса, онда ғылымдардың ішіндегі ең маңыздысы педагогика болар еді, ал оның мақсаты әр балада өзіне тән және тек оған ғана тән асыл дарынын тауып, дамыту болар еді.
Географияны оқытудағы педагогикалық тәжірибе
ЖОО-да «Географияны оқытудың заманауи технологиялары және оларды тиімді қолдану шарттары» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Бұл дәстүрлі іс-шара Қазақстаннан және басқа елдерден ғалымдар мен педагогтардың басын қосты. Биыл Өзбекстан мен Ресейден келген әріптестер онлайн режимде қосылды. Олар өздерінің педагогикалық тәжірибелерімен бөлісіп, қорытынды жасады.
Спикерлер географияны оқытудағы CLIL және ГАЖ-технологиялар, білім алушыларды экологиялық тәрбиелеудегі инновациялық технологиялардың маңызы, география сабақтарында танымдық қызығушылықты дамыту тәсілдері және т.б. бойынша баяндамалар жасады.Әлеуметтік-экономикалық география бойынша оқулықтар мен оқу құралдарының құрылымы мен мазмұны және өңірлік зерттеулердің негізгі бағыттары қарастырылды.
