Сөздәйектер галереясы
Егер біздің қоғам дұрыс ұйымдастырылған болса, онда ғылымдардың ішіндегі ең маңыздысы педагогика болар еді, ал оның мақсаты әр балада өзіне тән және тек оған ғана тән асыл дарынын тауып, дамыту болар еді.
Бос қабырғаның орны-өнермен толықты
Бірінші ғимараттан жаттығу залына өтетін жол түрленді! Енді қабырғаларды күрделі сюжеті бар нағыз өнер туындысы өзгертті. Ал дәлізді суреттеген дизайнер студенттеріміз: Алина Кравцова, Кирилл Лысенко, Юлия Косоулина, Карина Бендаравичус.
Қозыбаев университетінің Операциялар, трансформациялар және инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөніндегі Басқарма мүшесі Рашит Белгібаев университет кеңістігін түрлендіру идеясын ұсынды. Таланттылар көп ойланбай,бірден іске кірісті. Жас дизайнерлердің жобасы – адамзатты оятуға арналған мәні терең туынды салу!
Алғашқы суретте адамдардың түсіндегі надандық тікендері бейнеленген. Келесі қабырғада, «Sapere Aude» деген жазуы бар кітап ұстап тұрған қыз бейнесінің мағынасы: «Өз ақылыңды пайдалануға батыл бол». Ол бақытсыз адамдарға өзін-өзі дамытуға шақырады. Ал үшінші бөлімде адам үшін аса маңызды үш қағида: философия, ғылым және өнер салынған.
Студенттер жобамен бір айға жуық жұмыс істеді. Әрбір сурет кәсіби шықты. Енді олар, 5-6 оқу корпустарындағы қабырғаларды түрлендіруді жоспарлап отыр. Осылайша, ғимараттардың барлық қабырғаларын өзгертуге үміттеніп жүр.
